Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавлда бастығының көлігін бүлдірген ер адамның әрекеті видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

Полиция түнде
Көрнекі фото: Getty Images

Петропавлда жас жігіт бұрынғы бастығының көлігіне тас атып, бүлдіріп, оқиға орнынан қашып кетті, деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің ресми сайты.

Ведомство мәліметінше, көптеген желі қолданушыларының наразылығын тудырған видео 14 сәуірде жарияланған.

Кадрдан Петропавл қаласының шет аудандарының бірінде ер адам тоқтап тұрған "KIA" көлігіне тас лақтырып, оқиға орнынан қашып кеткенін байқау қиын емес.

Көліктің иесі 1 миллион теңге шығын келтірілгенін айтып, арыз жазған.

Полиция күдікті бірнеше күн бойы тасалап жүргенімен, жедел-іздестіру қызметінің нәтижесінде ұсталғанын жеткізді.

Бұзақылық әрекетке барған адам 26 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Ол өз кінәсін мойындап, мұндай қадамға масаң күйде кездейсоқ барғанын айтып отыр.

Бір қызығы бүлінген көліктің иесі – күдіктінің бұрынғы бастығы болып шықты. Ол бір күн бұрын қалалық полиция басқармасына сеніп тапсырылған мүліктің ұрланғаны туралы бұзақыға қарсы арыз жазған.

"Автокөлікке зиян келтіру фактісі Қылмыстық кодекстің 202-бабы (бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді", – деп түсіндірді қалалық бірінші полиция бөлімінің басшысы Тілеген Әлжанов.

Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды. Соның нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданбақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1909237-petropavlda-bastygynyn-koligin-buldirgen-er-adamnyn-areketi-videoga-tusip-qaldy/

pixel