Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қандай қызғалдақ жұлғаны үшін миллиондаған айыппұл салынуы мүмкін

Опубликовано:

Қызғалдақтар
Көрнекі фото: pixabay.com

Көктем келісімен қазақ даласында қызғалдақтар гүлдеді. Бірақ әдемі гүлді жұлып, үйге апару ниеті миллиондаған айыппұлға айналуы мүмкін.

Кеше ен далада 6 қызғалдақты жұлған Шымкент тұрғынына 9 миллион теңге айыппұл салынатыны туралы хабарлаған едік.

Белгілі болғандай, ер адам Қызыл кітапқа енгізілген Грейг қызғалдағын жұлып алған. Әрекет "сирек кездесетін және құрып кету қаупі бар өсімдік түрлерімен, сондай-ақ тыйым салынған өсімдік немесе жануарлар түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе туындыларымен заңсыз жұмыс жасау" бабы бойынша жазаға тартылады.

Эколог Сәкен Ділдахмет өзінің Facebook-тегі парақшасында Қазақстанда қандай қызғалдақтар заңмен қорғалатыны туралы хабарлама жариялады.

"Қазақстанда қызғалдақтардың 18 түрі Қызыл кітапқа енгізілген. Олар сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдік түрлеріне жатады. Сирек кездесетін өсімдік түрлеріне дұрыс қарамағаны үшін қылмыстық кодекстің 339-бабы бойынша қылмыстық жаза қарастырылған. Қоғамдық жұмыстарға немесе өте ауыр жазаға тартылады", – деп ескертті эколог.

Сонымен, Ділдахметтің айтуы бойынша жаза келесі қызғалдақ түрлеріне қарастырылған:

  • Альберт қызғалдағы,
  • Биберштейн сарғалдағы,
  • Борщов сарғалдағы,
  • Грейг қызғалдағы,
  • қос гүлді қызғалдақ,
  • Зинаида қызғалдағы,
  • Кауфмановский қызғалдақ,
  • Колпаковский сарғалдақ,
  • Корольков қызғалдақ,
  • қысқа аталықты сарғалдақ,
  • Леманновкий сарғалдағы,
  • дарагүлді сарғалдақ,
  • Островский қызғалдағы,
  • кеш сарғалдақ,
  • жатаған қызғалдақ,
  • алакүлтелі жауқазын,
  • Регель қызғалдағы,
  • Шренктің қызғалдағы.

Эколог қазақстандықтардың назарына қызғалдақтардың суреттерін де қоса жариялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1909266-qandai-qyzgaldaq-zulgany-usin-milliondagan-aiyppul-salynuy-mumkin/

pixel