БҚО-да несиесін төлеу үшін ұрлыққа барған үш ер адам жұрттың жағасын ұстатты

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pixabay.com

Батыс Қазақстан облысында несиесін өтеу үшін жылқы ұрлаған үш ер адам ұсталды деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылым ұсынған ақпаратқа сәйкес, оқиға 20 ақпан мен 28 наурыз аралығында Казталов ауылында орын алған.

Үш ер адам жайылымнан төрт бас мал жылқыны ұрлап, оны сойып, қалаға алып келіп сатқан.

Олар аталған қылмысқа арасындағы біреуінің мойнындағы несиесін өтеу үшін барғанын айтып отыр.

Арнайы жедел іздестіру шаралары барысында оқиға орнында қараусыз қалған құдықтан төрт жылқының басы, аяқ-қолы мен құйрығы, сондай-ақ күдіктілерге әкелген іздер табылған.

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Казталов ауылының 1972, 1991, 1999 жылдары туған үш азаматы қолға түскен.

"1956 жылы туған Казталов ауылының тұрғыны, яғни жылқы иесіне 1,4 миллион теңге көлемінде шығын келтірілді. Қазіргі уақытта ұрлық фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 188-бабы 1-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, іс сотқа жіберілді", - деді өңірдің полиция департаменті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1909270-bqo-da-nesiesin-toleu-usin-urlyqqa-bargan-us-er-adam-zurttyn-zagasyn-ustatty/