Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның тағы бір өңірінде карантин шаралары күшейтіледі

Опубликовано:

Фото
Фото: NUR.KZ

Ақтөбе облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері 23 сәуір сағат 00:00-ден бастап карантин шараларын күшейту туралы жаңа қаулыға қол қойды. Өңір "қызыл" аймақта орналасқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Өңір аумағында тыйым салынады:

  • балалардың сауықтыру лагерлерінің қызметіне;
  • бастауыш, орта және негізгі орта деңгейдегі оқу орындарындағы, орта және жоғары оқу орындарындағы асханалардың жұмысына;
  • оқушыларды сыныптан тыс жеке оқытуға;
  • облыстың және төтенше жағдайлардың тіршілігін қамтамасыз ету объектілерін қоспағанда, жиналыстарды (отырыстар) жеке өткізуге;
  • қасиетті Рамазан айында бір отбасының бірге тұратын мүшелері арасында ауызшарды қоспағанда, ұжымдық ауызшар өткізуге;
  • саябақтарда, жағалауларда және паркте балалар мен ересектерге арналған көлік құралдарын (электромобильдер, педаль көліктері, картинг, пейнтбол және т.б.) жалға беруге.

Жалпы білім беретін мектептердің оқушылары үшін қашықтықтан оқыту форматы жалғасады (аптасының 6 күніндегі аралас форматтағы 9, 11, 12 сыныптардан басқа).

Құжаттың толық мәтінімен сілтемеге өту арқылы, таныса аласыздар.

Айта кетейік, 22 сәуірдегі жағдай бойынша "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Ақмола Қарағанды, Қызылорда және Маңғыстау облыстары тұр.

"Сары" аймақта Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Павлодар және Қостанай облысы орналасқан.

Түркістан облысы мен Солтүстік Қазақстан облысы "жасыл" аймақта.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1909274-qazaqstannyn-tagy-bir-onirinde-karantin-saralary-kuseitiledi/

pixel