Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтарға Ресейге үшінші елдерден ұшып келуге рұқсат етілді

Опубликовано:

әуежай11
Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстан азаматтары Ресейге үшінші елдерден ұшып келе алады. Бұл туралы еліміздің сыртқы істер министрлігі Telegram-каналында хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, мұндай тәртіп Ресей Федерациясы үкіметінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі N 963 өкімімен қарастырылған.

"Енді Қазақстан азаматтары Ресейге Ресей тұрақты әуе қатынасын қалпына келтірген барлық елдердің рейстерімен ешқандай кедергісіз ұшып келе алады.

Қазіргі уақытта Ресей келесі елдермен тұрақты жолаушылар рейстерін жүзеге асырады: Қазақстан, Ұлыбритания (2021 жылдың 1 маусымына дейін тоқтатылды), Танзания (белгісіз мерзімге тоқтатылды), Түркия, Швейцария, Мысыр, Мальдив аралдары, Біріккен Араб Әмірліктері, Қырғызстан, Корея Республикасы, Куба, Сербия, Жапония, Сейшел аралдары, Эфиопия, Вьетнам, Үндістан, Катар, Финляндия, Әзербайжан, Армения, Грекия, Сингапур, Венесуэла, Германия, Сирия, Тәжікстан, Өзбекстан, Шри-Ланка", - дейді ведомстводан.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ел азаматтары Қазақстаннан Ресейге тікелей әуе рейстерімен ғана кедергісіз ұшып келе алатын, үшінші елдер арқылы ұшып келу осы елдерде тұруға ықтиярхаты болған жағдайда ғана мүмкін болған еді.

Айта кетейік, Ресейге кіру үшін шетел азаматтарында шекарадан өткенге дейін кемінде 72 сағат бұрын берілген COVID-19 тестінің теріс нәтижесі бар анықтама болуы керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1909288-qazaqstandyqtarga-reseige-usinsi-elderden-usyp-keluge-ruqsat-etildi/

pixel