Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйелін аяусыз өлтірген алматылық он жылға сотталды

Опубликовано:

сотталды
Көрнекі фото: Sputnik / Илья Питалев

Алматыда сүйіктісін аяусыз өлтірген ер адам 10 жыл 6 айға сотталды деп хабарлайды polisia.kz.

Басылым мәліметінше, Алматыда 2017 жылдың соңында 30 жастағы Альберт Хасиев 42 жастағы әйелді өлтірген. Ер адамның қатыгез қылмысты есірткіге масаң күйінде істегені анықталды.

"Кісі өлтіру оқиғасы Хасиев атты азаматтың өзінің сүйіктісімен қарым-қатынасын анықтауға тырысқан Баум тоғайы аумағында болды. Шешуші аргумент ретінде қаскөй доғал затты қолданып, онымен әйелдің басынан ұрған. Содан кейін күдікті оны пышақттап тастаған", - деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдрахманов.

Ведомство өкілі ер адам қылмыстың іздерін мұқият жасыруға тырысқанына қарамастан, оның қылмыстық әрекеті анықталып, қамауға алынғанын мәлім етті.

"Осылайша, Хасиев азамат кісі өлтіруді, заңсыз түрде басқа адамға қасақана түрде өлім жасауды, яғни Қазақстан Республикасы қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыстық әрекетті жасады. Оның кінәсі сотқа дейінгі тергеу барысында дәлелденді. Қылмыстық іс Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілді. Кейіннен Альберт Хасиев 10 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, жазасын одан әрі қатаң қауіпсіздік жағдайында өтейді", - деді Рүстем Әбдрахманов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1909307-aielin-ayausyz-oltirgen-almatylyq-on-zylga-sottaldy/

pixel