Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Риддер қаласының тұрғыны полицияға өз еркімен 19 ғасырда жасалған қаруды табыс етті

Опубликовано:

Қару
Көрнекі сурет: pixabay.com

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының 62 жастағы тұрғыны ХІХ ғасырдың қаруын полицияға тапсырды деп хабарлайды Қазақпарат.

Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сот-баллистикалық сараптама нәтижелері бойынша аталған қару Тула қару-жарақ зауытында шығарылған.

1889 жылы жасалған аңшылық мылтық қос ұңғылы, атуға жарамды.

Қаруды өткізген ер адамның сөзінше, ол сирек кездесетін мылтықты марқұм анасының қоймасынан ескі заттарды реттеп жүрген кезде тауып алған.

Криминалистер бірнеше ғасыр өткеніне қарамастан, мылтықтың дизайні өзгеріссіз қалғанын атап өтті.

Осы орайда өңірдің полиция департаментінің басшысы Сағат Мәдиев тіркелмеген қару және оқ-дәрілерді ерікті түрде тапсыру акциясының екі күнінде облыс бойынша халықтан 5 миллион теңгеден астам сомаға 79 қару қабылданғанын жеткізді.

Оның сөзінше, халықтан заңсыз сақталған атыс қаруы мен оқ-дәрілерді сатып алу жөніндегі комиссия құрамы қала тұрғынына қару үшін 60 000 теңге төлейді.

Айта кетейік, коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында акция санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес өтіп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1909310-ridder-qalasynyn-turgyny-policiyaga-oz-erkimen-19-gasyrda-zasalgan-qarudy-tabys-etti/

pixel