Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда сауда орталығын "миналаған": Ғимарат ішіндегі адамдар эвакуацияланды (фото)

Опубликовано:

Mart сауда орталығы
Оқиға орны. Фото: instagram.com/mart_almaty

Оңтүстік астанадағы "Март" сауда орталығы қоршауға алынды. Белгісіз біреу ғимаратта жарылғыш заттың бар екенін хабарлаған. Ақпарат түскен бойда сауда орталығының ішіндегі адамдар бірден эвакуцияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицияның мәлімдеуінше, ғимараттағы жарылғыш зат туралы хабарлама бүгін таңертең келіп түскен.

"Мұндай хабарламаларға әрекет ету аясында қаланың жедел қызметтері бірден қауіпсіздік шараларын қабылдады. Ғимарат ішіндегі адамдардың барлығы эвакуцияланды. Шамамен 40 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Олардың барлығы сауда орталығының қызметкерлері болып табылады. Ғимаратта сатып алушылар болмаған. Себебі, ол уақытта орталық әлі ашылмаған болатын. Арнайы оқытылған мамандар ғимаратты толығымен тексеріп шығып, жарылғыш затты анықтамады. Ақпарат расталмады" , - деді полиция өкілдері.

Сауда орталығының әкімшілігі орын алған жағдайға қатысты пікір білдірді. Олар өздерінің ресми Instagram парақшасында жазба жариялаған.

"Қазіргі уақытта Mart сауда кешені жабық тұр.

09.15 - Mart сауда орталығында жарылғыш зат орнатылғаны туралы хабарлама келіп түсті.

09.17 - Mart әкімшілігі эвакуацияға кірісті.

09.35 - эвакуация сәтті аяқталды" , - делінген жазбада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1909366-almatyda-sauda-ortalygy-minalandy-gimarat-isindegi-adamdar-evakuaciyalandy-foto/

pixel