Алматыда тағы бір сауда орталығы мен ресторандар желісі "миналанды"

Опубликовано:

Кадр
Видеодан кадр: Әлеуметтік желі

Villa Dei Fiori мейрамханалары мен бутиктер желісіне келушілер эвакуацияланды. Полицияға аталған мекемеге орнатылған жарылғыш зат туралы хабарлама түскен. Сонымен қатар, Mall Aport сауда орталығына келген адамдар да ғимараттан шығарылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқиға орнынан түсірілген видеолар әлеуметтік желіде кеңінен тарап жатыр.

Оқырмандар Әл-Фараби даңғылы бойында шығыс бағытқа қарай кептеліс пайда болғанын жазуда.

"Әл-Фараби даңғылының бойындағы "Вилладағы" барлық адам эвакуацияланды, арнайы қызметтер оқиға орнында, шығысқа қарай кептеліс", - деп жазады алматылықтар.

Полиция департаменті жарылғыш зат туралы хабарлама түскеннен кейін кешенді тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

"Азаматтар эвакуацияланды. Іздеу шараларына арнайы жасақ тартылды", - деп толықтырды полиция.

Instagram желісіндегі kris.p.online парақшасының оқырманы, қазір Mall Aport сауда орталығына келушілерді де эвакуациялау басталғанын жариялады. Оның сөзінше, ғимараттағы жарылғыш зат туралы хабарлама келіп түскен.

Бұл жағдайға қатысты Алматы облысы Қарасай ауданының әкімдігі түсініктеме берді.

"Бүгін электронды поштаға Mall Aport сауда-ойын-сауық орталығына жарылғыш зат қойылғаны туралы белгісіз біреуден хабарлама келіп түсті. Барлық жедел қызметтер өз орындарында.

Осыған байланысты біз сауда орталығының барлық келушілерінен төтенше жағдайлар қызметі өкілдеріне ақпаратты тексеруге кедергі жасамауын және дүрбелең тудырмауын сұраймыз", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, бүгін Оңтүстік астанадағы "Март" сауда орталығы қоршауға алынды. Белгісіз біреу ғимаратта жарылғыш заттың бар екенін хабарлаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1909381-almatyda-tagy-bir-sauda-ortalygy-men-restorandar-zelisi-minalandy/

jitsu gif