Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейлік вакцинадан кейін қазақстандық вакцинаны салдыруға бола ма

Опубликовано:

Вакцина
Көрнекі фото: pixabay.com

Вакцинаның бірінші компонентін ресейлік "Спутник V"-мен, ал екіншісін қазақстандық "QazVac"-пен салдыруға бола ма? Бұл сұраққа профессорлар онлайн брифингте жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Профессор Ләззат Ералиеваның сөзінше, вакцинацияны бір вакцинамен аяқтау керек. Өйткені "QazVac" пен "Спутник V" вакциналары дайындау технологиясы жағынан мүлдем өзгеше.

Оның айтуынша, екі түрлі вакцина салдырғаннан ешқандай пайда болмайды.

Медицина ғылымдарының докторы Александр Гуляев те Ләззат Ералиевамен келіседі.

"Бұл мүлдем әртүрлі вакциналар. Оларды араластыру мүмкін емес, бұл қарастырылмаған. Біртипті вакциналар бір-бірін алмастыра алуы мүмкін. "Спутник V" мен "Astra Zeneca"-ны біріктіру туралы біраз айтылған еді. Мұнда жасалу механизмі бірдей.

Дегенмен бұл клиникалық сынақтарды қажет етеді. Ал қазақстандық және ресейлік вакциналарды араластыру тіпті талқыланбайды, вакцинация кезінде вакцина өзгертілмеуі керек", – дейді Гуляев.

Айта кетейік, 22 сәуірде Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты базасында өндірілген отандық "QazVac" (QazCovid-in) вакцинасының алғашқы партиясы аймақтарға жіберілді.

26 сәуірден бастап халыққа "QazVac" вакцинасы егіле бастайды.

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "QazVac" вакцинасын әзірлеген ғалымдар мен мамандарға алғыс айтты.

Президенттің сөзінше, барлық азаматқа қолжетімді болу үшін отандық екпе өндірісі ұлғайтылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1909403-reseilik-vakcinadan-keiin-qazaqstandyq-vakcina-saldyruga-bola-ma/

pixel