Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мүгедектікті ұзартқысы келген: Жамбыл облысында шенеунік 2,5 млн теңге айыппұл арқалады

Жарияланған күні:

Қаражат
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Жамбыл облысында екінші топтағы мүгедектік мерзімін ұзарту үшін пара алған шенеунікке 2,5 млн теңге айыппұл салынған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров айтты деп хабарлайды zakon.kz.

"12 сәуір күні Тараздың №2 сот үкіміне сәйкес, Жамбыл облысы бойынша еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті басшысының міндетін атқарушы Зейнебековке 2,5 млн теңге айыппұл салынды", - дейді ол.

Сондай-ақ, Биғайдаровтың сөзінше, №5 қалалық емхананың бас дәрігерінің орынбасары Аймұрзаевқа 1 млн теңге көлемінде және Шахмановқа 1 млн теңге көлемінде айыппұл салынған.

"Зейнебеков 22 қаңтар күні делдал Аймұрзаев арқылы Шахмановтан әкесінің екінші топтағы мүгедектігінің мерзімін ұзартуға көмектесу үшін 100 мың теңге пара алған", - дейді тергеуші.

Еске салайық, осыған дейін Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті 3,9 миллиард теңгені заңдастырған қылмыстық топтың іс-әрекетін тоқтатқанын хабарлаған едік.

Іс фигуранттары ішінде бұрынғы қаржы полициясының қызметкері мен банктердің бірінің бөлімшесінің қазіргі басшысымен бірге 6 адам бар.

Сот үкімімен айыпталушылар Қылмыстық кодекстің 28-бабы 5-бөлігі, 216-бабы 3-бөлігі (нақты жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей және тауарларды жөнелтпей шот-фактуралар жазып беру бойынша әрекеттер жасау) бойынша кінәлі деп танылып, бас бостандығынан айыру түріндегі әртүрлі жаза мерзіміне сотталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1909460-zambyl-oblysynda-seneunik-mugedektik-zaily-anyqtama-usin-25-mln-tenge-toleitin-boldy/