Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұршақ жаууы мүмкін": Синоптиктер алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын айтты

Опубликовано:

көрнекі
Көрнекі фото: NUR.KZ

Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

"Алдағы күндері Атлантикалық циклонның жақындауымен Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа температурасының көтерілуі күтіледі. Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, еліміздің оңтүстік бөлігінде шаңды дауыл тұрады, сондай-ақ кей жерлерде жауын-шашын, көбінесе жаңбыр жауады, батыс өңірлерде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін", - дейді мамандар.

Айта кетейік, сәуір айының соңында Алматы табиғаттың тосын сыйына тап болды. Оңтүстік астанада 21 сәуір күні түскі бір шамасында басталған қар бір тәулікке жуық тоқтаған жоқ. Осы уақыт аралығында тау мен тау бөктеріндегі аудандарда 10-12 см жауын-шашын, ал қалада 6-8 см қар жауды.

Көктайғақтың алдын алу үшін 21 сәуір сағат түнгі 22:00-ден бастап қала жолдарына арнайы қоспалар себіліп, жауған қар сыпырылды. Тротуарды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, жер үсті өткелдерін, саябақтарды және басқа да қоғамдық орындарды қардан тазарту жұмыстары жүргізілді.

Қар тазалауға 965 жұмысшы мен 395 техника жұмылдырылды. Оның 136-сы құм шашатын техника болды. Сондай-ақ, аудан және қала әкімдігінде қар тазалау жұмыстарын тәулік бойы бақылайтын кезекшілік ұйымдастырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1909471-bursaq-zauuy-mumkin-sinoptikter-aldagy-us-kunde-aua-raiy-qandai-bolatynyn-aitty/

pixel