Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кафеде ер адаммен танысқан қарағандылық әйел сан соғып қалды

Опубликовано:

әйел
Көрнекі фото: pixabay.com

Қарағандыда кафеде танысқан әйелдің ұялы телефонын алып кеткен күдікті ұсталды деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылымның жазуынша, 11 сәуірде 37 жастағы әйел Қарағанды қаласы полиция басқармасының Оңтүстік-шығыс полиция бөліміне хабарласып, ер адамның ұялы телефонын алып кеткенін айтып, шағымданған.

Белгілі болғандай жәбірленуші әйел қаладағы кафелердің бірінде ер адаммен танысқан.

Біраз уақыттан соң ол "шұғыл қоңырау соғуым қажет деп" ұялы телефонын сұрап алып сыртқа шығып кеткен, алайда қайта оралмаған.

Полиция әйелдің арызын тіркеп, аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғаған.

22 сәуірде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері 31 жастағы күдіктіні ұстаған.

Одан ұялы телефон тәркіленіп, жәбірленушіге қайтарылған. Сондай-ақ, полиция күдіктінің тағы бір осындай ұқсас қылмысқа қатыстылығын анықтаған.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласында бойжеткенмен танысып, кейін оны тонап кеткен 28 жастағы таксист ұсталғанын хабарлаған едік.

Полицияның мәліметінше, кездесулердің бірінде зардап шегушінің пәтерінде болған жас жігіт үш ұялы телефонды қолды қылған. Келтірілген шығын 1 миллион 879 мың теңге.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1909474-kafede-er-adammen-tanysqan-qaragandylyq-aiel-san-sogyp-qaldy/

pixel