Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкетте 90 жастағы қария вакцина салдырды

Опубликовано:

Вакцина салдыру сәті
Фото: Шымкент қаласы ДСБ баспасөз қызметі

Шымкент қаласының 90 жастағы тұрғыны коронавирусқа қарсы вакцина салдырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

1931 жылы туған Абдурахманов Қуаныш өзінің қалауымен жергілікті емханаға барып, әлем жұртшылығын дүрбелеңге салған тәжтажалға қарсы екпе алды. Емхана дәрігерлері ғасырға жуық жасап келе жатқан қарияның денсаулық жағдайын алдымен тексеруден өткізген.

"Қарияның денсаулығынан екпеге қарсы көрсетілімдер анықталған жоқ. Дәрігерлер сондықтан "Спутник V" вакцинасының І компонентін салып берді," – деп мәлімдеді Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Абдурахманов Қуаныш
Фото: Шымкент қаласы ДСБ баспасөз қызметі

Күнделікті жаңалықтарды құр жібермей қарайтын қария өзің үшін де, өзгелер үшін де ең дұрысы короновируске қарсы вакцина салдырған дұрыс деп отыр.

"Ойлана келе өз еркімен коронавирусқа қарсы вакцинаны салдырттым. Осылайша біз вирусты жеңеміз. Көпшілікке айтарым, вакцинадан қорқудың қажеті жоқ. Екпені салдырту қажет деп ойлаймын", – дейді Қуаныш қария.

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 90 жастағы Қуаныш қарияның отбасы мүшелерінің барлығы коронавирус қарсы вакцина салдырған.

Бүгін, 23 сәуір күні екпенің бірінші компонеттін салдырған қария арада 21 күннен кейін вакцинаның екінші компоненттін қабылдауы қажет.

Еске салсақ, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы QazVac вакцинасы Қазақстанның өңірлеріне жеткізіле бастағанын мәлімдеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1909480-symkette-90-zastagy-qariya-vakcina-saldyrdy/

pixel