Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтан қаласының санитар дәрігері карантинді күшейту туралы жаңа қаулыға қол қойды

Опубликовано:

Көшедегі адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ

Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова "Қалада шектеу және карантиндік шараларды күшейту шаралары туралы" жаңа қаулыға қол қойды деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жаңа шектеулер тұрғындар арасында коронавирус инфекциясының тіркелуінің өсуіне және жоғары деңгейде сақталуына және Қазақстан Республикасында эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының "қызыл аймақта" болуына байланысты деп хабарланды.

Қаулы 26 сәуірде сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары және қонақтарына келесі талаптарды сақтау қажет:

  • бұқаралық іс-шараларды, отбасылық, еске алу іс-шараларын қосқанда, оның ішінде үйде (ауыз ашар, банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т.б.) ұйымдастыру және өткізуге, митингілер, шерулер, жиындар және т. б. өткізуге және қатысуға тыйым салынады;
  • қызметі жаңартылмаған объектілерге: боулинг-орталықтарға, компьютерлік клубтарға, кинотеатрлар, ("Ashyq" пилоттық жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда), бильярд, караокеге, кинорумдар, батуттар, түнгі клубтар, букмекерлік кеңселер мен ойын клубтарына, оның ішінде жабық үй-жайлардағы лотереялар, балалар ойын орталықтары, балалар ойын бөлмелері, ойын алаңдары мен аттракциондар, оның ішінде спорт объектілерінде орналасқандарды қоспағанда,  мұз және роликті мұз айдындарына баруға тыйым салынады;
  • "Ashyq" пилоттық жобасына қатысатын кәсіпкерлік объектілеріне кіру үшін App Store және Play Market-тен жүктеу үшін қолжетімді «Ashyq» мобильді қосымшасын пайдалану қажет;
  • қоғамдық орындарға, оның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге, қызметіне рұқсат етілген объектілерге барған кезде, сондай-ақ қоғамдық орындарда ашық ауада болған кезде (ашық ауада спортпен шұғылдану кезінде және 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда) бетперде кию, қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтау қажет.

Қаулының толық мәтінін мына сілтеме арқылы өтіп, танысуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1909492-nur-sultan-qalasynyn-sanitar-darigeri-karantindi-kuseitu-turaly-zana-zarlyqqa-qol-qoidy/

pixel