Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде такси жүргізушісін өлтіріп, көлігін айдап кетті деген күдікпен екі адам ұсталды (видео)

Опубликовано:

Күдікті
Кадр: polisia.kz

Ақтөбеде екі ер адам такси жүргізушісін өлтіріп, оның көлігімен бірнеше жол-көлік апатын жасады деген күдікпен ұсталды деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға “Hyundai” автокөлігінің жүргізушісі қашықтықты сақтамай, алда келе жатқан жеңіл автокөлікпен соқтығысып, оқиға орнынан қашып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.

“Бейнебақылау камераларының көмегімен аталған көліктің орналасқан жері анықталды. Оның қозғалыс жолын ЖБО-ның операторы рация бойынша полиция нарядтарына хабарлады. Патрульдік экипаждардың бірі көлікті тауып, жүргізушіден қозғалысты тоқтатуды талап етті, бірақ ол бағынбай, жасырына бастады. Полиция қуғынынан қашуға тырысқан тәртіп бұзушы қарсы қозғалыс жолағына шығып, “Toyota Land Cruiser-200″ автокөлігімен соқтығысты”, – деді Ақтөбе қалалық Полиция басқармасының басшысы Бауыржан Атабаев.

Көліктегі екі ер адамның мас күйде болғаны, олардың біреуі 19-да, екіншісі 37 жаста екендігі анықталып отыр.

Деректер базасын тексеру барысында көлік құралы басқа адамға тиесілі екені анықталып, полицейлер ұсталғандарды тергей бастады. Тексеру кезінде көліктің рөлінен байқалған қоңыр дақтар күдік тудырады. Дақтар артқы орындықтың жамылғыларында да болды, кейінірек полиция қызметкерлері салоннан қан жұққан пышақты табады.

Кейін ұсталғандардың бірі бірнеше сағат бұрын жүргізушіні өлтіріп, көлікті ұрлап кеткенін мойындаған.

Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі “Адам өлтіру” және 192-бабының 3-бөлігі “Қарақшылық” дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1909520-aqtobede-taksi-zurgizusisin-oltirip-koligin-aidap-ketti-degen-kudikpen-eki-adam-ustaldy-video/

pixel