Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда элиталық тұрғын үйдің күзетшісі оқ жарақатын алды (видео)

Опубликовано:

Оқиға орны
Кадр: Instagram / kris.p.almaty.official

Әлеуметтік желілерде Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінің жанында түсірілген видео тарады. Видеодан 10-нан астам полиция қызметкерінің автотұрақтың жанында тұрғанын байқауға болады. Полиция департаменті бұл жайтқа қатысты түсініктеме берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Видеоны Instagram-дағы kris.p.almaty.official парақшасы жариялады. Кадрлардан ондаған полиция қызметкерін, тәртіп сақшыларының бірнеше қызметтік көлігін, сондай-ақ арнайы жасақ сарбаздарын байқауға болады.

"Ер адамға Бұқар Жырау Тауэрс тұрғын үй кешенінде мылтықпен оқ жаудырды. Күзетші аң аулау мылтығынан атылған болуы мүмкін. Оқ жаудырғаннан кейін күдікті айып тұрағына қарай бет алып, ізін суытты", - делінген жазбада.

Алматы полиция департаменті бір адамның оқ жарақатын алғанын растады.

"Жоғарыда аталған тұрғын үй кешенінің күзетшісі мен белгісіз ер адам арасында туындаған жанжал нәтижесінде күзетші, алдын ала болжам бойынша аңшы мылтығынан аяғынан жарақат алды. Ол ауруханаға жатқызылды. Сонымен бірге оқиға орнына полиция күштері тартылғанын, күдіктіні ұстау шаралары қабылданғанын хабарлаймыз", - деп түсіндірді департаментте.

Еске салсақ, бұған дейін елорда тұрғыны өртке оранған үйдің терезесінен секіруге тура келген баланы құтқарып қалғанын жазған едік. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Ақылбек Қыпшақбаевқа көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін алғыс айтып, "Өрттегі ерлігі үшін" төсбелгісін табыстады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1909534-almatyda-elitalyq-turgyn-uidin-kuzetsisi-oq-zaraqatyn-aldy-video/

pixel