Елімізде ауыл шаруашылығы жерлеріне қатысты мораторий мерзімі 5 жылға ұзартылды

Опубликовано:

жер39
Көрнекі фото: pixabay.com

24 сәуір күні Жер реформасы жөніндегі комиссияның отырысында жер иелгіне қатысты нормаларға белгіленген мораторий мерзімін 5 жылға ұзарту туралы шешім қабылданды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Ауыл шаруашылығы жерлерінің электронды форматта көпшілікке ашық түрде беру тетігін енгізу қажет. Оны өткен сенбіде бірге талқыладық... Жерді жалға 49 жылға беруге байланысты шешім қабылданды. Оның өзі жердің қазіргі экономикалық айналымға енуіне толықтай мүмкіндік туғызып жатыр. Меншікке байланысты "болады не болмайды" деп шешім қабылдамай, оны болашаққа қалдыру керек деп ойлаймын", - деді отырыс барысында премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов.

Тоғжанов жер иелгіне қатысты нормаларға жыл соңына дейін белгіленген мораторий мерзімін 5 жылға ұзартуды ұсынды.

"Осы іске кем дегенде 3 жылдан 5 жылға дейін уақыт керек деген ойда отырмын. Асығыстық жасауға болмайды. Жер иелгіне қатысты нормаларға жыл соңына дейін белгіленген мораторий мерзімін 5 жылға ұзартуды ұсынамыз. Бір ғана шешім болуы керек деп ойлаймын. Қазір бірнеше шешім қабылдауға, елді жан-жаққа тартуға еш қақымыз жоқ. Осы жердегі әрбір азамат жауапкершілікті мойнына алып отыр деп ойлаймын. Сондықтан, комиссия мүшелері осындай ортақ пікірге тоқталсақ деген ұсынысты ортаға саламын", - деді Ералы Тоғжанов.

Комиссия мүшелері жер иелігіне қатысты нормаларға жыл соңына дейін белгіленген мораторий мерзімін 5 жылға ұзартуды қолдап дауыс берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1909536-elimizde-auyl-saruasylygy-zerlerine-qatysty-moratorii-merzimi-5-zylga-uzartyldy/