Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда күзетшіге оқ атқан сәттің видеосы жария болды (видео)

Опубликовано:

Оқ ату сәті
Кадр: "Хабар 24" / 24.kz

24 сәуір күні Алматыдағы "Бұқар Жырау Тауэрс" тұрғын үй кешенінде күзетшіге жасалған шабуылдың сәтінен видео желіде пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видео әлеуметтік желілерде пайда болды. Оны алғашқылардың бірі болып Qumash Telegram каналы жариялады. Онда камуфляж киген қарулы адамның күзет бекетіне қалай жақындағаны анық көрінеді. Ер адамдар сөйлесіп, содан кейін күзетші сыртқа шығады, осы сәтте оның аяғына оқ тиеді.

Оқиға 24 сәуір күні түстен кейін Алматыда болған. Күдікті оқ атқаннан кейін оқиға орнынан қашып, пәтерлердің біріне жасырынған. Кейін тәртіп сақшылары күдіктіні ұстау үшін пәтерді қоршауға алды.

Зардап шегушіге келетін болсақ, полиция оның жағдайы туралы айтты.

"Зардап шегуші жансақтау бөлімінде, оның өміріне ешқандай қауіп жоқ", - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қарулы адам полицейлермен келіссөз жүргізуден бас тартқаны белгілі болып отыр. Сонымен бірге, полицияның айтуынша, ол кіреберіске қарай 10-нан астам оқ атқан. Құқықбұзушыны ұстау операциясы жалғасуда.

Ескерту: Видеоны жүйкесі жұқа және жүрегі әлсіз адамдарға қарауға кеңес бермейміз!

Сол арада бүгін Түркістанда да атыс болғаны анықталып отыр. Оқиға куәгерлері болған жайтты видеоға түсіріп алған. Кадрлардан екі ер адамның жас жігіттің соңына түскенін байқауға болады. Видеодан оқ дыбысы және айқай-шу болып жатқаны да анық естіледі.

Түркістан облысы полиция департаменті бұл жайтқа қатысты түсініктеме берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1909554-almatyda-kuzetsige-oq-zaudyrylgan-sattin-videosy-zariya-boldy-video/

pixel