Қазақстан облыстарының бірі "қызыл" аймақтан "сарыға" өтті

Опубликовано:

тәжфирус15
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жария болды. Оған сәйкес, 25 сәуірдегі жағдай бойынша Қызылорда облысы "қызыл" аймақтан "сары" аймаққа өтті деп хабарлайды Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың ресми Telegram-каналы.

Сенбіде аталмыш облыста коронавирус дертін жұқтырғандар саны 57 адамды құраған болатын. Ал одан бір күн бұрын дертті жұқтырудың 69 жағдайы тіркелген.

Жалпы, бүгінде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау облыстары "қызыл" аймақта.

"Сары" аймақта: Алматы облысы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Павлодар облыстары.

"Жасыл" аймақта: Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Еске салсақ, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова "Қалада шектеу және карантиндік шараларды күшейту шаралары туралы" жаңа қаулыға қол қойғанын жазған едік.

Одан бөлек, оңтүстік астананың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин бұрынғы қаулыға өзгеріс енгізгенін жазған болатынбыз. Жаңа қаулыда Бекшин Алматы қаласының аумағына Ashyq жобасын енгізуді жалғастыруды тапсырған. Сондай-ақ, "сары" және "қызыл" статусы бар азаматтар анықталған нысандар жобадан шығарылатынына баса назар аударған.

Сонымен қатар, бас санитарлық дәрігер кейбір нысандарға маска режимі мен әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, шектеусіз жұмыс істеуге рұқсат беріп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1909569-qazaqstan-oblystarynyn-biri-qyzyl-aimaqtan-saryga-otti/