Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда Mercedes-ті ондаған полиция көлігі қуды (видео)

Опубликовано:

Полицейлер
Көрнекі сурет: Sputnik / Владислав Воднев

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде ондаған полиция экипажын түсірген куәгерлердің видеороликтері таралып жатыр деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Таңертең Алматыда 20-30 патруль көлігі қашқын жүргізушіні қуды", - делінген жазбада.

Видеодан патрульдік полиция қызметкерлерінен бөлек, қару ұстаған қара киімді адамды байқауға болады.

Бұл жайтқа қатысты қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді. Белгілі болғандай, 25 сәуір күні таңертең Әл-Фараби даңғылы мен Мұстафин көшесінің қиылысында Mercedes жүргізушісі апатты жағдай тудырған.

"Ол жоғары жылдамдықпен келіп, жаяу жүргіншіге арналған жолда қауіпті маневр жасап, апатты жағдай тудырды. Жүргізуші патрульдік полиция қызметкерлерінің тоқта деген талабына бағынбады. Керісінше қашып кетуге асықты", - дейді ведомство.

Көлікті 29 жастағы ер адам басқарған, ол 2020 жылы қыркүйекте ішімдік ішкені үшін жүргізуші куәлігінен айырылған болып шықты.

"Бұл жолы дәрігерлер оның есірткіге масайғанын анықтады", - дейді полиция.

Ұсталған жүргізуші уақытша ұстау абақтысына қамалды. Полицейлерге бағынбағаны, бағдаршамның қызыл түсіне жүргені, апатты жағдай тудырғаны, маневр жасау ережесін бұзғаны және қуғындау кезінде басқа да ережелерді бұзғаны үшін оған қатысты 15 әкімшілік хаттама жасалды.

Күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің көлік жүргізу құқығынан айырылған адамның алкогольге немесе есірткіге масайған күйде көлік басқаруы туралы бабы бойынша тергеу басталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1909575-almatyda-mercedes-ti-ondagan-policiya-koligi-qudy-video/

pixel