Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

QazVac отандық вакцинасының алғашқы 50 мың дозасы ШҚО-дан басқа барлық өңірге жеткізілді

Опубликовано:

Екпе
Көрнекі фото: pexels.com

Қазақстандық QazVac вакцинасының алғашқы партиясы өңірлерге жөнелтілді деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Президенттің 26 қаңтардағы тапсырмасын орындау үшін халықты жаппай вакцинациялауды қамтамасыз ету мақсатында биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының базасында COVID-19-ға қарсы қазақстандық вакцинаның QazCovid-in алғашқы партиясы шығарылды.

"СҚ-Фармация" бірыңғай дистрибьюторының хабтарына 50 мың доза көлемінде отандық вакцинаның алғашқы партиясы 23 сәуір күні жеткізілді.

Оның ішінде 6000 дозаны Нұр-Сұлтан мен Алматы, 4000 дозадан – Шымкент, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстары алады, қалған өңірлерге екі мың дозадан түседі.

QazVac вакцинасын бірыңғай дистрибьютор хабтарына жеткізу 23 сәуірге дейін жүзеге асырылды.

25 сәуірдегі жағдай бойынша вакцина Шығыс Қазақстан облысынан басқа барлық өңірлерге жөнелтілді, ал Шығыс Қазақстан облысына ол 26 сәуірден кейін жеткізілмек.

Белсенді емес вакцина химиялық заттардың әсерінен бейтараптандырылған вирус негізінде жасалады.

QazVac вакцинасымен вакциналау 21 күн аралықпен екі рет жүргізіледі.

Еске салсақ, бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова "Қалада шектеу және карантиндік шараларды күшейту шаралары туралы" жаңа қаулыға қол қойғанын жазған едік.

Одан бөлек, оңтүстік астананың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин бұрынғы қаулыға өзгеріс енгізгенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1909610-qazvac-otandyq-vakcinasynyn-algasqy-50-myn-dozasy-sqo-dan-basqa-barlyq-onirge-zetkizildi/

pixel