Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда жаяу жүргіншілер жолы опырылып түсті

Опубликовано:

Жол
Кадр: Instagram / eto_astana_detka

Әлеуметтік желіде елорданың жаяу жүргіншілер жолындағы шұңқыр түсірілген видео тарап жатыр деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Желіде таралған видеодан жаяу жүргіншілердің бірі шұңқыр шетіне бір аяғымен тұруға тырысқанын байқауға болады. Содан кейін тротуардың плиткасы құлап, шұңқыр көлемі ұлғая түскен.

Кадрда "Мұны қандай мақсатпен істеп жатырсың, құлап кетесің" деп оған өзге тұрғын ескерту жасайды.

Шұңқыр Тәуелсіздік пен Қажымұқан көшелерінің қиылысында 24 сәуір күні пайда болған.

"Бұған себеп - жолдың жаяу жүргінші бөлігінде орналасқан D= 800 кәріз коллекторының істен шығуы. Бұл көлік қозғалысына кедергі болмайды. Сондай-ақ жақын маңдағы үйлердегі суды өшіру жоспарланбағанын хабарлаймыз ", - деді "Астана су арнасы" мемлекеттік кәсіпорны Sputnik-ке.

Коллекторды және жолдың тротуар бөлігіндегі өтпелі жолды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу қолға алынған.

Еске салсақ, бұған дейін Түркістандағы "ұшатын" театрдың қасбетін қаптаған қаңылтырды жел ұшырып жібергенін жазған едік. Театр "Керуен-Сарай" туристік кешенінде орналасқан. Видео әлеуметтік желіде жарияланды.

Аталмыш "Керуен-Сарай" туристік кешенінің құрылысы 2019 жылдың желтоқсанында басталып, инвестициялық жобаны Turkistan Tourism City жүзеге асырды. Ашылуы 2021 жылдың сәуір айында өткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1909615-nur-sultanda-zayau-zurginsiler-zoly-opyrylyp-tusti-video/

pixel