Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әкімдік маңына 50 мың теңге жасырып, жұртты шулатқан атыраулық блогер жауапқа тартылды

Опубликовано:

Жұрт
Кадр: Instagram / ahonberzhan

Instagram желісінде 2,4 миллион жазылушысы бар блогер Ахон Бержан 50 мың теңге жасырып, жұрттың қаражатты жабыла іздеуіне себепкер болады. Тәртіп сақшылары карантин талабын бұзған блогерді жауапқа тартты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Блогер карантин талаптарын бұзу фактісі бойынша түсініктеме жазуға мәжбүр болды. Тәртіп сақшылары бұл іс бойынша құжаттарды жергілікті санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөліміне жібереді деп жазады "Мой город" жергілікті басылымы.

Сонымен қатар, Ахон Бержан әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 615-бабының бірінші бөлігі "Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларының талаптарын орындамауы" дерегі бойынша жауапқа тартылғаны хабарланды.

Блогер қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін 2 айлық көрсеткіш көлемінде (5 834 теңге) айыппұл төлеуге міндеттелді.

Естеріңізге салсақ, блогер облыстық әкімдік маңына 50 мың теңге жасырған болатын. Бұл хабарды естіген Атырау тұрғындары жаппай ақша іздеуге шыққан.

Көп ұзамай ақша іздеуді ұйымдастырған блогер карантин режимін бұзғаны үшін көпшіліктен кешірім сұрады.

Еске салсақ, бұған дейін Ақтауда Нұрдәулет есімді блогер жасырған "қазынаны" тапқысы келген қалың жұрт жағажайға ағылғанын жазған едік. Белгілі болғандай, Ақтау тұрғындары блогер жасырған сағатты іздеген.

Ал блогердің өзі артынша мұнша көп адам жиналғанына таңданыс білдіріп, парақшасында бұл жайттың видеосын жария еткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1909616-akimdik-manyna-50-myn-tenge-zasyryp-zurtty-sulatqan-atyraulyq-bloger-zauapqa-tartyldy/

pixel