Елімізде өткен тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырды
Опубликовано:

Coronavirus2020.kz ресми Telegram-каналында коронавирустың елімізде таралуына қатысты ресми мәліметтерді назарға ұсынды.
Қазақстанда өткен тәулікте 2716 адамда коронавирус дерті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы - 475
Алматы қаласы - 693
Шымкент қаласы - 96
Ақмола облысы - 150
Ақтөбе облысы - 125
Алматы облысы - 220
Атырау облысы - 97
Шығыс Қазақстан облысы - 86
Жамбыл облысы - 51
Батыс Қазақстан облысы - 166
Қарағанды облысы - 240
Қостанай облысы - 27
Қызылорда облысы - 82
Маңғыстау облысы - 50
Павлодар облысы - 75
Солтүстік Қазақстан облысы - 34
Түркістан облысы - 49
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны - 309116.
Еске салсақ, бұған дейін қазақстандық QazVac вакцинасының алғашқы партиясы өңірлерге жөнелтілгенін жазған болатынбыз.
"СҚ-Фармация" бірыңғай дистрибьюторының хабтарына 50 мың доза көлемінде отандық вакцинаның алғашқы партиясы 23 сәуір күні жеткізілді.
Оның ішінде 6000 дозаны Нұр-Сұлтан мен Алматы, 4000 дозадан – Шымкент, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстары алады, қалған өңірлерге екі мың дозадан түседі.
Одан бөлек, Алексей Цой тікелей эфирде қазақстандық QazVac вакцинасын салдырғанын жазған едік. Ол министрлер кабинетінің мүшесі ретінде алғашқылардың бірі болып аталмыш препаратты өзіне салдырды. Бұған дейін бұл вакцинаны әзірлеу кезеңінде Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзіне салдырған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1909637-elimizde-otken-taulikte-qansa-adam-koronavirus-zuqtyrdy/