Арбатта алматылықтарды қорқытып, бағалы заттарын тартып алған күдіктілер ұсталды

Опубликовано:

Алматы полиция11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Арбатта түнгі уақытта азаматтардың ұялы телефондары мен бағалы заттарын пышақпен қорқытып алып кеткен күдіктілер ұсталды деп хабарлайды polisia.kz.

Бұл туралы Алмалы аудандық полиция басқармасының басшысы Есен Ысқақов мәлім етті.

Оның сөзінше, топты 21 жастағы Алматы облысының тұрғыны басқарған. Сонымен қатар, кұдіктілердің бірнеше тонау әрекетіне қатысы бары анықталған.

Есен Ысқақов күдіктілер қараңғыда өтіп бара жатқан адамдарды пышақпен қорқытып ұялы телефондары мен бағалы заттарын алып, кейін қаланың әртүрлі ломбардтарында сатқанын айтады.

"Күдіктілер жедел іс-шаралар жүргізу барысында ұсталды. Тергеу аяқталғанға дейін жәбірленушілердің тізімі толығуы мүмкін екендігін жоққа шығармаймыз: мүмкін тоналған адамдар қандай-да бір себептермен полицияға көмекке жүгінбеуі де мүмкін. Қылмыстың қаруы – пышақ тәркіленді", – дейді ол. Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты қылмыстық кодекстің 191-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Алмалы аудандық полиция басқармасы күдіктілердің қылмыстық іс-әрекетінен зардап шеккен азаматтарды мына телефон нөміріне хабарлаусын сұрайды: 8-702-430-02-22, 8-778-620-82-16 немесе 8-775-774-44-41.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы облысының полициясы екі ер адамның бір жігітке шабуыл жасап, тонап кетті деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1909721-arbatta-almatylyqtardy-qorqytyp-bagaly-zattaryn-tartyp-algan-kudiktiler-ustaldy/