Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы атыс: "Бұқар жырау" тұрғын үй кешенінің тұрғындары марқұм жайлы айтты

Опубликовано:

Фото
Фото: Sputnik / Тимур Батыршин

"Бұқар жырау Тауэрс" тұрғын үй кешенінің тұрғындары күзетшіні жаралап, кейінірек өзіне қол салған көршісі жайлы айтып берді. Куәгерлердің сөзінше, марқұм мен күзетші арасындағы жанжал бірнеше ай бойы холлдан шығарылмаған диванның кесірінен болған деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жергілікті тұрғындар марқұмның дивандарды қайта қалпына келтіріп, сатумен айналысқанын жеткізді.

Ол бірнеше ай бұрын холлға екі диванды шығарып, көршілерінің шағымына қарамастан, жиһазды орнынан қозғамаған.

Оқиға болған күні тұрғын үй кешенінің күзетшілері дивандарды көшеге шығарып тастаған.

Ал марқұм күзет қызметінің басшысымен жолықтыруды талап етіп, содан кейін өзінің пәтеріне кіріп, атыс шығарған.

"Адамдардың шағымын түсінуге болады. Дивандар үйдің көрінісін бұзады, орын алды, ары-бері өтуге кедергі келтіреді. Жаңадан келетін тұрғындар пәтерлерді қарауға келеді, ал мұнда өстіп тұрса (диван-ред.)", - дейді тұрғын үй кешенінің тұрғыны Нұрила Тоқтарбаева.

Фото
Фото: NUR.KZ

Әйел адамның айтуынша, ол күзетшіні жарақат алардан бірнеше минут бұрын көрген.

"Онымен амандасып, подъездге кірдім. Бірнеше минуттан кейін терезеге қарасам, күзетші асфальтта жатыр. Оған көмекке көрші үйдегі клиниканың медицина қызметкерлері келді", - дейді Нұрила Тоқтарбаева.

Тұрғын сонымен қатар, марқұмнан қорықпағанын айтады.

"Ол мені атып тастайды деп ойладым ба? Жоқ. Себебі ол әйелдерді сыйлады деп санаймын. Біз лифтіде кездесіп қалатынбыз. Менің немерем аулада оның қызымен ойнайтын. Бірақ ол қызба адам еді", - дейді Нұрила Тоқтарбаева.

Диваны стоят на улице
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Марқұм көршілеріне сыпайылық танытқанмен, пәтер иелері кооперативінің өкілі оның дөрекі болғанын айтады.

"Консьерж оның бетіне түкіргеніне айтып, шағымданды. Балалар оның өздеріне жарақат алып қалу қаупі бар деген желеумен аулада ойнауға рұқсат бермегенін айтып, шағымданды. Оның өзі де балалардың шулайтынын, кедергі келтіретінін бірнеше рет айтқан еді. Ортақ чатта көп нәрсе жазды, соңында админ оны топтан шығарып тастады. Учаскелік қызметкер де тұрғын үй кешеніндегі жағдайдан хабардар болды", - дейді пәтер иелері кооперативінің өкілі.

фото
фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Бұл сөздерді Валентина есімді консьерж де растап отыр. Оның сөзінше, марқұм екеуінің арасында ешқандай жанжал болмаған. Бірақ оның әріптесін абайсызда айтқан сөзі үшін "түкірікпен жазалаған".

Жасақ
Фото: polisia.kz

"Ол өте білімді адам еді және Құран мен Інжіл жөнінде тілдескенді ұнататын, бірақ онымен мұқият сөйлесу керек болатын. Себебі, өзі секілді пікірдегі адам болмаса ол қабылдай алмайтын", - дейді Валентина.

Подъезд ЖК после штурма
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Еске сала кетсек, 24 сәуірде "Бұқар жырау Тауэрс" тұрғын үй кешенінің тұрғыны күзетшінің аяғынан атып, кейін пәтерінде жасырынып қалған болатын.

Бұл жайттан соң полиция күдіктіні тұтқындау операциясын ұйымдастырып, ер адаммен бірнеше сағат бойы келіссөз жүргізді. Алайда ол келіссөзден бас тартып, қолындағы қарумен бірге 17-қабаттағы пәтердің терезесінен секіріп кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1909737-almatydagy-atys-buqar-zyrau-tauers-tk-turgyndary-marqum-zaily-aitty/

pixel