Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір ауруханада індеттен 22 адам қайтыс болған": Даниал Ахметов семейлік шенеуніктерге шүйлікті

Опубликовано:

Даниал Ахметов
Даниал Ахметов. Фото: instagram.com/danial.akhmetov.official

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов семейлік шенеуніктердің жұмысын қатаң сынға алды. Бұған қаладағы эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауы себеп болған.

Өңір әкімінің сөзінше, жыл басынан бері облыста, 25 адам COVID-19 індетінен қайтыс болған. Нақтырақ айтсақ, 25 жағдайдың 22-сі Семейдегі бір ғана инфекциялық ауруханада тіркелген.

"Денсаулық сақтау басқармасы басшысының айтуынша, бұл ауруханада кемшіліктер анықталған.

Біріншіден, аурудың барлық тарихында ҚР ДСМ COVID-19 емдеу хаттама тәртібінің толық сақталмауы байқалады. Екіншіден, денсаулық паспорттарындағы деректерді ескере отырып, қосымша сырқаттарына қарай науқастарды емдеу, диагнозына түзету енгізу жүргізілмейді.

Үшіншіден, гормондық терапияны тағайындауда аурудың басталуы, зертханалық зерттеулер мен ЭКГ нәтижелері ескерілмейді.

Төртіншіден, ауруханаға жатқызылған соң бірінші тәулік ішінде науқастар КТ тексеруден өткізілмейді. Емдеу компьютерлік зерттеулердің нәтижелерін ескерусіз тағайындалады.

Бесіншіден, антибиотиктердің, диуретиктердің бірнеше тобын негізсіз тағайындаулар болған", – деді аймақ басшысы Instagram-дағы ресми парақшасында.

Даниал Ахметовтің айтуынша, Семей тұрғындарының шағымынан қалада КТ аппараттарының да істен шыққаны да белгілі болған.

"Тексеру нәтижесінде бүгінгі таңда алты аппараттың тек 2-уі ғана жұмыс істеп тұрғаны анықталды. Осы фактіні жасырудан басқа, жағдайдың шиеленісуі кезінде жауапты тұлғалар тарапынан КТ жұмыс істейтін ауруханаларда аппараттың тәулік бойғы жұмысы ұйымдастырылмаған. Медициналық сапа және бақылау департаменті тарапынан да ешқандай шара қабылданбаған", – дейді облыс әкімі.

Осы орайда Даниал Ахметов Семейде коронавирус жағдайының ушығуына жол берілуіне байланысты аталмыш салаға жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының Семей бойынша орынбасарына, жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігеріне қатаң сөгіс жариялауды тапсырған.

Сонымен қатар, аймақ басшысы Семейге облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Ілияс Мұхамеджан бастаған жұмыс тобын жіберетінін айтты.

Олар қала "жасыл аймаққа" өткенше сол жерде жұмыс істемек. Даниал Ахметов істен шыққан КТ мәселесі тез арада шешілетінін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1909771-bir-auruxanada-indetten-22-adam-qaitys-bolgan-danial-axmetov-semeilik-seneunikterge-suilikti/

pixel