Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұмыссыз азаматтарды 42 500 теңге мөлшеріндегі әлеуметтік төлемді қайтаруға міндеттей ме

Опубликовано:

42 мың
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Әлеуметтік желіде төтенше жағдай кезінде 42 500 теңге әлеуметтік көмек алған жұмыссыз азаматтар қаржыны мемлекетке қайтаруы керек екені жазылған хабарлама пайда болды. Онда барлық сома емес тек 20 мыңы қайтарлуы тиіс екені айтылған. Бұл ақпаратқа қатысты еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі пікір білдірді деп жазады StopFake.kz сайты.

Ведомствоның хабарлауынша, қазақстандықтарды бұрын алған әлеуметтік төлемдерді қайтаруға міндеттейді деген хабарлама шындыққа жанаспайды.

"Егер азамат жұмыссыз болса, оның Қазақстан Республикасы аумағында барлық жерде қызметке шектеулер енгізілуіне байланысты табысынан айырылуы мүмкін емес. Тиісінше, ол 42 500 теңге алмауға тиіс және өзін-өзі жұмыспен қамтушы ретінде төлем алуға өтініш бермеуі керек еді, өйткені ол бұл санатқа жатпайды. Дегенмен, МӘСҚ 42 500 теңге алған жұмыссыздардан 20 000 теңге көлеміндегі қаражатты қайтаруды талап етіп жатпағанын атап өткеніміз жөн", – дейді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен.

Ведомство 42 500 теңге мөлшеріндегі әлеуметтік төлем мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының (МӘСҚ) қаражаты есебінен төленгенін атап өтті. Ол карантиндік шектеулер мен төтенше жағдай режиміне байланысты кірісінен айырылған жұмыс істейтін азаматтарға берілген болатын.

Айта кетейік, 42 500 теңгені қайтаруға қатысты жалған ақпарат бұған дейін де желіде тараған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1909776-zumyssyz-azamattardy-42-500-tenge-molserindegi-aleumettik-tolemdi-qaitaruga-mindettei-me/

pixel