Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Министрлік: Зерттеулер QazVac вакцинасының қауіпсіз екенін растады

Опубликовано:

Отандық вакцина
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Еліміздің денсаулық сақтау министрлігі ресми сайтында коронавирусқа қарсы QazVac (QazCovid-in) вакцинасының І және ІІ фазасының нәтижесі бойынша есепті және клиникалық сынақтардың ІІІ кезеңінің аралық есебін жариялады. Зерттеулер вакцинаның қауіпсіз екенін растаған.

Министрліктің мәліметінше, ұсынылған есептер негізінде қазақстандық вакцина медициналық қолдануға жіберілген.

"Қазақстандық вакцинаны сынаудың үшінші кезеңі хаттамада көзделген зерттеу субъектілерінің 50% белгісінен өтті және оны ағымдағы жылдың 25 маусымында аяқтау жоспарланып отыр. Осыдан кейін QAZVAC тиімділігін толық бағалау жүргізіледі", – дейді ДСМ.

Сонымен қатар, министрлік вакциналардың клиникалық зерттеулері бүкіл әлемде жалғасып жатқанын оның ішінде ресейлік "Спутник V" вакцинасы да бар екенін атап өтті.

"Қалыптасқан эпидемиялық жағдайға байланысты коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналарды медициналық қолдануға жедел жіберу туралы шешімдер әлемнің көптеген реттеуші органдарында қабылданады. Вакцинация аурудың таралуымен күресудің ең тиімді әдісі және ұжымдық иммунитетті қалыптастырудың сенімді әдісі болып қала береді. Бұл ретте, вакциналарды қолдануға рұқсат етудің қысқа мерзіміне қарамастан, олардың сапасы мен қауіпсіздігін тексеру мұқият және барлық талаптарды сақтай отырып жүргізіледі", – дейді денсаулық сақтау министрлгі.

Айта кетейік, елімізде COVID-19-ға қарсы вакцина салдыру ерікті түрде жүзеге асырылады және екпені қабылдаушы адам қандай вакцинаны салдырғысы келетінін өзі таңдайды.

Еске сала кетейік бүгін, 26 сәуірде QazVac вакцинасы қолданысқа шығарылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1909785-densaulyq-saqtau-ministrligi-zertteuler-qazvac-vakcinasynyn-qauipsiz-ekenin-rastady/

pixel