Қызылордада мекемеге 57 млн теңге көлемінде шығын келтірген ұрылар ұсталды

Опубликовано:

Ұры
Көрнекі фото: Polisia.kz

Қызылордада мекемеден 57 миллион теңгеге бағаланған құнды кабельдерді ұрлаған ұрылар ұсталды деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 14 сәуірінде Жаңақорған аудандық ПБ-на мекеме басшысынан мекеменің салынып жатқан электростанциясынан алюминийден жасалған құнды кабельдердің ұрланғандығы туралы арыз түсті.

Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабының 3-бөлігі 1, 3-тармақтары бойынша (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Орын алған ұрлық салдарынан мекемеге 56 797 824 теңге көлемінде шығын келтірілген.

Полиция қызметкерлері жүргізген жедел шаралар нәтижесінде ауданның үш тұрғыны қолға түсті. Олар ағымдағы жылдың наурыз айының 15-і мен сәуір айының 12-сі аралығында қымбат кабельдер мен металл өнімдерін ұрлап, Жаңақорған-Шалқия тас жолына дейін жаяу тасып, одан әрі кент орталығына ұрланған заттарды автокөлікпен жеткізіп отырған.

Алюминий кабельдерін облыс аумағындағы металл қабылдайтын орындарға өткізген және көрші өңірлерге жіберіп отырған.

Ұрланған заттардың бір бөлігі айғақ зат ретінде тәркіленді. Күдіктілер Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау абақтысына қамаққа алынды. Тергеу амалдары жалғасуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1909794-qyzylordada-mekemege-57-mln-tenge-koleminde-sygyn-keltirgen-urylar-ustaldy/

jitsu gif