Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев коронавирус жұқтырды

Опубликовано:

Мәулен Әшімбаев
Мәулен Әшімбаев. Фото: parlam.kz

Парламент сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев коронавирус жұқтырды. Бұл туралы спикер өзінің Facebook парақшасында жазды.

Әшімбаевтың айтуынша, сынама оң нәтиже көрсеткеннен кейін оқшаулануды ұйғарған.

"Барынша сақтанып жүргеніме қарамастан, соңғы сынама нәтижесінде коронавирус індетін жұқтырғаным анықталып отыр. Бірақ бойымда аурудың ешқандай белгілері жоқ. Әйтсе де оқшауланып, мамандардың барлық талаптарын қатаң сақтаудамын. Соған байланысты жұмысты да қашықтан жалғастырамын", - дейді сенат спикері.

Парламент сенатының төрағасы сақтық шараларына бей-жай қарамау керектігін де еске салды.

"Өкінішке қарай, пандемияның екпіні әлі бәсеңдеген жоқ. Сондықтан арқаны кеңге салып, сақтық шараларына бей-жай қарауға болмайды. Бұл, ең алдымен, өзіміз және туған-туыстарымыз үшін аса маңызды. Ендеше індеттің алдын алуға баса мән берейік. Аман болыңыздар", - дейді Мәулен Әшімбаев.

Еске салсақ, бұған дейін коронавирус жұқтырып, жансақтау бөліміне түскен Ескендір Хасанғалиевтің жағдайы күрт нашарлағанын жазған едік.

"Әуелі Алла, содан кейін дәрігерлер мен халық тілегі көмектесетініне сенеміз. Әкем өмір бойы халық үшін еңбек етіп келеді. Осындай қиын жағдайда халық әкемнің денсаулығы жақсаруын тілейтініне сенемін", - дейді өнер иесінің ұлы Біржан Хасанғалиев.

Оның айтуынша, әкесімен бірге ауруханаға түскен Дарико Хасанғалиеваның жағдайы жақсарып келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1909858-qazaqstan-senatynyn-toragasy-asimbaev-koronavirus-zuqtyrdy/

pixel