Қордайдағы жаппай тәртіпсіздік: Тағы 50 адамға сот үкімі шықты

Опубликовано:

Таразы
Көрнекі фото: pixabay.com

Жамбыл облысы, Қордай ауданында 2020 жылы 7 ақпанда болған жаппай тәртіпсіздікке қатысушыларға сот үкімі шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл іс бойынша 51 адам сот алдына келді.

Айыпталушылардың бірі кінәсі дәлелденбегендіктен ақталып шықты. Тағы 19 айыпталушы 17 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ, 31 адам келтірілген залалды өтегендіктен, 5 жылдан 1 жылға дейін шартты мерзімге сотталды.

Сотталушыларға жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу, кісі өлтіру және кісі өлтіруге оқталу, қаруды заңсыз беру, алу және алып жүру, қарақшылық, жаппай тәртіпсіздікке шақыру, меншікке қарсы қылмыс жасау сынды айыптар тағылған.

Тағы бірі "құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің өміріне қол сұғушылық" бойынша айыпталған.

Бұл істе 366 адам жәбірленуші деп танылды.

Естеріңізге сала кетейік, екі мыңнан астам азамат қатысқан жаппай тәртіпсіздік кезінде 11 адам қаза тапқан болатын. Тәртіпсіздіктерге қатысушылардың кейбіріне сот үкімі бұған дейін шыққан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1909883-qordaidagy-zappai-tartipsizdik-tagy-50-adam-sottaldy/