“Мүгедектікке шығарып беремін”: Түркістандық алаяқ қолға түсті

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: Sputnik / Anar Mustafayev

“Мүгедектікке шығарып беремін” деп жергілікті тұрғынды алдап кеткен түркістандық алаяқ ұсталды деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан қалалық полиция басқармасына арызданып келген жергілікті тұрғын алаяқтықтың құрбаны болғанын жеткізген.

Оның сөзінше, танысы мүгедектікке шығарып беремін деп, сеніміне кіріп, 150 мың теңгесін алған.

Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, қылмыстық кодекстің 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша тіркелді.

Тәртіп сақшылары тұрғынды алдап, ақшасын алып кеткен күдікті әйелді қолға түсіріп, қылмысты ашу мақсатында жедел-іздестіру шараларын жүргізді.

Қажетті деп танылған барлық іс-шараларды жүзеге асырды.

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті алаяқтықпен алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жіберген.

Полиция қызметкерлері күдіктінің бұдан басқа да қылмыстарға қатыстылығын анықтау үстінде.

Айта кетейік, соңғы уақытта мемлекеттік жеңілдетілген жәрдемақыларды алып беремін деп алаяқтық жолмен азаматтарды алдап жатқандар көбеюде. Сондықтан, Түркістан облысы полиция департаментінің полицейлері қазақстандықтарды мүмкіндігінше сақ болып, кез-келген адамға артық сенім білдірмеуге шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1909929-mugedektikke-sygaryp-beremin-turkistandyq-alayaq-qolga-tusti/