Бас прокурордың орынбасары тағайындалды

Опубликовано:

Фото
Әсет Шындалиев. Фото: gov.kz

Қазақстанда бас прокурордың орынбасары тағайындалды. Бұл қызметке Әсет Шындалиев келді деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының өкімімен Әсет Қазақбайұлы Шындалиев Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген құжатта.

Айта кетейік, Әсет Шындалиев бұған дейін бас прокуратурада аппарат басшысы қызметін атқарды.

Еске сала кетсек, Алик Шпекбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы лауазымынан босатылған болатын.

Оның орнына бас прокурордың орынбасары болған Марат Ахметжанов тағайындалды.

Осыдан кейін мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жаңа төрағасы Марат Ахметжановты қабылдаған болатын.

Кездесуде Марат Ахметжанов Қасым-Жомарт Тоқаевқа президенттің 16 сәуірде өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесте берген тапсырмаларының жүзеге асырылу барысы жайында баяндады.

Сонымен қатар ол агенттік қызметін қылмыстық процестің үш буынды моделіне бейімдеу жұмыстарына дайындау туралы айтты.

Президент сыбайлас жемқорлықпен күрес әдістерін жаңғырту, жұмыс барысында жіберілетін қателіктерді қасақана жасалған қылмыстардан ажырата білу қажеттігіне, сондай-ақ, кінәлі адамды қылмыстың барлық құрамы болған кезде ғана жауапқа тарту керектігіне тоқталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1909941-bas-prokurordyn-orynbasary-tagaiyndaldy/