Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жаңа локдаун болуы мүмкін бе: Бекшин жауап берді

Опубликовано:

Көшедегі адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн-брифинг барысында қалада ауру жұқтырудың көбеюіне байланысты Алматыда жаңа локдаун болу мүмкіндігі туралы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бекшин мамыр айының соңында ауру таралу көрсеткішінің төмендеуі мүмкін екенін айтты.

"Ұзақ мерзімді болжамға сәйкес аурудың артуы сәуірден бастап одан әрі мамырда болжанған болатын. Қазір үкімет вакцинаның көп мөлшерін бөлді, осыған байланысты белсенді вакцинация кең таралғанын ескере отырып, біз мамыр айында ауру жұқтыру жоғары болады және мамыр айының соңында ауру таралу деңгейі төмендейді деп санаймыз", – деді дәрігер.

Оның сөзіне қарағанда, бұл Алматыда тоқырауға келмейді.

"Біз болжау тобын құрдық, қазір бұл топ қолайлы болжам береді", – деді Жандарбек Бекшин.

Еске салсақ, Қазақстанда өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырған 2284 адам тіркелді. Оның 689-ы Алматы қаласында.

Айта кетейік, өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны 26 сәуірдегі статистикамен салыстырғанда төмен. Бұған дейін 2716 адамнан COVID-19 анықталған еді. Сонымен қатар өткен тәулікте 2494 адамның індеттен жазылғаны белгілі болып отыр.

Оған қоса, Спутник V вакцинасы коронавирустың британдық және басқа да штаммдарынан қорғай ма? Екпе салдырған адам вирус тарата ала ма? Не себепті вакцинадан кейін де бетперде тағып жүру қажет? Гамалея атындағы институттың бас ғылыми қызметкері Анатолий Альтштейн осы сұрақтарға кеңінен тоқталып жауап берген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1909960-almatyda-zana-lokdaun-boluy-mumkin-be-beksin-malimdeme-zasady/

pixel