Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Батыс Қазақстан облысында неліктен блок-бекеттер қойылады

Опубликовано:

блок-бекет 12
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Батыс Қазақстан облысында өткен аптада коронавирус жұқтыру көрсеткіші 15 пайызға өсті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жағдайдың нашарлауына байланысты облыстың жедел штабы шектеу шараларын күшейту туралы шешім қабылдады. 1 мамырдан бастап Оралда және алты ауданда блок-бекеттері қойылады.

"Біріншіден, біз ауру жұқтыру тізбегін тоқтатуымыз керек. Жағдай тұрақсыз. Негізінен коронавирустың таралуы қалада жүріп жатыр. Тұрғындар үйден шықпай, аймақтан кетпеуі керек. Бұл мәжбүрлі шара. Қазір жұқпалы аурулар ауруханаларындағы кереуеттер 60 пайыздан жоғары. Біз арқасына үлкен жүк артылған дәрігерлер туралы ойлануымыз керек. Жақында науқастарды орналастыратын орын қалмауы мүмкін", – деп түсіндірді жарлыққа қол қойған Батыс Қазақстан облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев.

Егер жағдай жақсарса, бақылау бекеттерін алып тастауға болатындығын айта кеткен жөн.

Естеріңізге сала кетейік, Батыс Қазақстан облысында блок-бекеттер 2020 жылдың 31 наурызы мен 1 маусымы аралығында қойылған болатын. Олардың жұмысының тиімділігі қоғам қайраткерлерінде бірнеше рет күмән тудырды. Адамдар елді мекендердің шығыстары мен кіреберістерінің жанында ұзын-сонар кезекке шағымданған.

Айта кеткен жөн, Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн-брифинг барысында қалада ауру жұқтырудың көбеюіне байланысты Алматыда жаңа локдаун болу мүмкіндігі туралы хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1909982-batys-qazaqstan-oblysynda-nelikten-blok-beketter-qoiylady/

pixel