Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жанармай станциясының құдығына түскен 3 адам уланып қалды

Опубликовано:

Құдық11
Оқиға орнынан фото: Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті

Алматыда жанармай құю станциясының 3 қызметкері есептегіш құралдың мәліметтерін білу үшін құдыққа түсіп, уланып қалды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мән-жайды Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі баяндады.

Ведомствоның мәліметінше, улану жайлы ақпарат 27 сәуір күні сағат 18:37-де Медеу ауданы Нұрмағамбетов көшесі 148/2 мекенжайынан түскен.

Хабарламада сол жердегі жанармай құю станциясының аумағында орналасқан құдыққа есептегіш құралдағы мәліметтерді білу үшін жанармай станциясының 3 қызметкері түсіп, белгісіз газдан уланып қалғаны айтылған.

"Хабарды алысымен оқиға орнына қаланың шұғыл әрекет етуші қызмет өкілдері аттанды. Олар: "109 құтқару қызметі", Республикалық жедел құтқару жасағы, жедел медициналық қызметтің 3 бригадасы, Медеу ауданының төтенше жағдайлар басқармасы мен Полиция департаментінің өкілдері. Құтқару жұмыстарының барысында зардап шеккен 3 азамат құдықтан шығарылды", - дейді Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті.

Құтқарылған 3 адам жақын арадағы көпсалалы клиникалық ауруханаға жеткізілген.

Ведомствоның мәліметінше, зардап шеккендерге қажетті барлық көмек көрсетіліп жатыр. Жағдай шұғыл қызмет өкілдерінің бақылауында. Болған оқиғаның себеп-салдары анықталуда.

Еске сала кетейік, бұған дейін Шымкентке Өзбекстаннан қонақтап келген отбасы белгісіз заттан уланып, салдарынан 36 жастағы келіншектің көз жұмғанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1909999-almatyda-zanarmai-stansasynyn-qudygyna-tusken-3-adam-ulanyp-qaldy/

pixel