Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеліктер карантинге қарамастан 100 қонақ шақырып, аста-төк той өткізген

Опубликовано:

Той
Көрнекі фото: pixabay.com

Мониторинг тобы 23-25 сәуір аралығында рейд жүргізіп, карантин ережесін бұзған 25 деректі анықтады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жұмыс істеуіне тыйым салынған V12, Dali, Grand House, Lychee караоке-кальян клубтары және "Лига Чемпионов", "Реал", "Лото клуб", "Киял", "ХАН", "ПС-4", SunStrike ойын клубтары, сондай-ақ "Реванш" және "555" бильярд клубтары клиенттерге қызмет көрсеткені анықталып отыр.

Карантинді бұзды деген күдікпен №1 қалалық полиция бөліміне 19 адам және №2 қалалық полиция бөліміне 3 адам жеткізілді.

Сонымен қатар, "Арцах", "Зам-Зам", "Браво", Corner 38 және "Қазақстан" қоғамдық тамақтану орындарында әлеуметтік арақашықтық сақталмағаны, жұмыс уақыты ескерілмегені анықталған.

"Алтын Шатыр", "Дармен" мейрамханаларында 80-100 адам жинап, салтанатты іс-шара өткізгені белгілі болып отыр. Той бірден тоқтатылды.

"25 сәуір күні "Мега планета" СҮ, "Гаухар" дүкені және "Олимпийские резервы" спорт кешені Ақтөбе облысының бас мемлекеттік санитария дәрігерінің қаулысында көрсетілген карантин шектеулерін бұзған. Барлық факті бойынша материал уәкілетті органға жіберілді", - деп хабарлады қалалық мониторинг тобы.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімдігі жанындағы мониторинг топ оңтүстік астанада 60 адамға арналған той басталмай жатып тоқтатылғанын хабарлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910013-aqtobelikter-karantinge-qaramastan-100-qonaq-saqyryp-asta-tok-toi-otkizgen/

pixel