Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда бойжеткен жүк тиегішті ұрлап әкетіп, жол апатын жасады (видео)

Опубликовано:

Айдап әкету сәті
Кадр: YouTube / Видосы Казахстан

Нұр-Сұлтанда 25 жастағы бойжеткен ZL-30 маркалы фронтал тиегішті айдап әкетті деп хабарлады елорданың полиция департаментіне сілтеме жасаған Sputnik Қазақстан.

Жүк тиегіштің жүргізушісі полицияға ұрлық туралы хабарлап, белгісіз біреу автотұрақтан құрылыс компаниясына тиесілі ZL-30 тиегішін айдап әкеткеніне шағымданады.

Тәртіп сақшылары түнде жүргізуші таныс бойжеткенді үйіне шақырғанын анықтады. Ер адам дастарқан басында ішімдік ішіп, мас болып қалған. Бойжеткен оның ұйықтағанын күтіп, кілтті алып, жүк тиегішті айдап әкеткен.

Бойжеткеннің ұрлығы бақылау камераларына түсіп қалған. Бойжеткен түнде қалада қатты жылдамдықпен жүріп, жолдарда қауіпті маневрлер жасаған.

Сонымен қатар, ол Брусиловский көшесінде жол апатын жасап, Mercedes автокөлігіне зақым келтірген. Қыздың түнгі саяхатын патрульдік полицейлер тоқтатты.

Құқық қорғау органдарының айтуынша, бойжеткеннің көлік құралын жүргізуге рұқсат беретін куәлігі жоқ болған.

Ұсталған 25 жастағы бойжеткен полиция бөліміне жеткізілді. Ол арнайы техникамен қыдырғысы келгендіктен осындай қадамға барғанын айтты. Тергеу жүргізілуде.

Еске салсақ, бұған дейін Павлодарда Toyota Land Cruiser мінген 12 жасар баланың әкесіне айыппұл салынғанын жазған едік. 12 жасар баланың әкесі әкімшілік кодекстің 612-бабы "Басқару құқығы жоқ адамға көлiк құралын басқаруға беру" дерегі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1910017-nur-sultanda-boizetken-zuk-tiegisti-urlap-aketip-zol-apatyn-zasady-video/

pixel