Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Қарағанды облысында 50 мектеп карантинге жабылған

Опубликовано:

Оқушы
Көрнекі фото: pixabay.com

Биылғы оқу жылының төртінші тоқсанның басынан Қарағанды облысында оқушылар арасында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 516 жағдайы тіркелді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Сонымен қатар, мектеп қызметкерлері арасында коронавирустың 47 жағдайы тіркелді. Облыс көлемінде 50 мектеп карантинге жабылды", – делінген Үкімет жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram арнасында.

Оқушылар арасында тіркелген жағдайдың 394-і оффлайн режимде оқыған балалар арасында, 122-сі қашықтан оқыған балалр арасында болған.

"Оффлайн" режимінде оқып індетті жұқтырған оқушылардың 67,3% 1-5 сынып оқушылары арасында тіркелген. Жоғарыда айтылғандарға байланысты, оқушылар арасында коронавирус инфекциясының таралуын азайту мақсатында Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Теміртау, Саран, Шахтинск және Абай қалаларында 1-5 сынып оқушыларын қашықтан оқытуға ауыстыру туралы шешім қабылданды", – делінген хабарламада.

Еске салсақ, денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қатысты соңғы мәліметтерді жария етті.

Оған сәйкес, өткен тәулікте 2682 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған. Олардың 698-і Алматыдан. Жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 324 082-ге жетіп отыр. Сонымен қатар, өткен тәулікте 2499 науқас індеттен жазылып шыққан.

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қалада ауру жұқтырудың көбеюіне байланысты Алматыда жаңа локдаун болу мүмкіндігі туралы айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910023-koronavirus-qaragandy-oblysynda-50-mektep-karantinge-zabylgan/

pixel