Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында аурухана сейфінен 1 млн теңге ұрлаған медбике масқара болды

Опубликовано:

Дәрігер1
Көрнекі фото: piqsels.com

Ақмола облысында ауруханадағы сейфтен миллион теңге ұрлаған медбике әшкере болды деп хабарлайды Polisia.kz.

26 сәуір күні Целиноград ауданы полиция бөліміне Ақмол ауылының 26 жастағы тұрғынынан арыз түскен. Ол бейтаныс адамның 7-26 сәуір аралығында жеке медициналық ғимаратқа заңсыз кіріп, сейфтен 1 миллион теңгені қолды қылғанын айтқан.

Алайда полицейлер жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, ақшаны арыз берушінің өзі жымқырғанын анықтапты.

Медбике ақшаны екі ай ішінде жұмсап тастап, еңбекке жарамсыздығына байланысты демалысқа шығып кеткен.

Жұмысына оралған ол қылмысын жасырмақ болып, полицияға арыз түсірген. Айта кетейік, келіншек өзінің кінәсін мойындаған.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 419 бабы бойынша (Қасақана жалған ақпарат беру) сотқа дейінгі тергеу басталған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Талғар қаласының тұрғындары вакцинация процесінің дұрыс ұйымдастырылмағанына наразылық білдіргенін жазған едік.

Әлеуметтік желіде вакцинация орталықтарының бірінде болған дүрбелеңнің видеосы жарияланды.

Осы ретте Талғар аудандық орталық ауруханасы бейнежазбаға қатысты түсініктеме берді. Дәрігерлер дүрбелең пациенттер санының көбеюіне байланысты пайда болды деп түсіндірген. Олардың кейбіріне демалыс күндері вакцина егуге тура келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910063-aqmola-oblysynda-auruxana-seifinen-1-million-tenge-urlagan-medbike-masqara-boldy/

pixel