Елордада 9 мамырға орай Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне бір млн теңгеден берілмек
Жарияланған күні:
Биыл елордада Жеңіс күніне орай ардагерлерге біржолғы төлем төленеді. Бұл туралы әкімдіктің ресми сайтында хабарланды.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, елордада Ұлы Отан соғысының 25 ардагері тұрады. Оларға 9 мамырға орай 1 миллион теңге төленеді.
Жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер 102 095 теңгеден (35 АЕК) алады.
Бұл санатқа ҰОС кезінде қызмет еткен әскери қызметкерлер; фашистік Германияға қарсы соғыс қимылдарына қатысқан адамдар; Ленинград қаласындағы блокада кезінде жұмыс істеген азаматтар; концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындар; әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедек болған адамдар және мүгедектігі ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты балалары жатады. Барлығы – 415 адам.
Сонымен қатар, тыл ардагерлеріне, Ұлы Отан соғысында қайтыс болғандардың әйеліне, еңбек ардагерлеріне 32 087 теңге (11 АЕК) беріледі. Бұл санаттағы адамдардың саны - 2695.
Басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне – 708 адамға 58 340 теңге (20 АЕК) төленеді.
Нұр-Сұлтан әкімдігі осы жылы жалпы алғанда 3 843 адамға 195 159 583 теңге төлеу жоспарлап отыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910087-elordada-9-mamyrga-orai-uly-otan-sogysy-ardagerlerine-bir-mln-tengeden-berilmek/