RU

Депутат елден кетіп жатқан білікті мамандардың мәселесін көтерді

Құжат
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Мәжіліс депутаты Александр Милютин пандемия мен шектеулерге қарамастан, былтыр Қазақстаннан жоғары білікті мамандардың көбі кетіп қалғанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Александр Милютин премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың атына жолдаған депутаттық сауалында мамандардың елден кету проблемасын көтерді.

"Депутаттарды 2020 жылы Қазақстаннан мамандардың кетуіне қатысты жағдай мазалайды. Егер 2019 жылы эмигранттардың жалпы статистикасындағы жоғары білікті мамандардың үлесі 50,6 пайызды құраса, 2020 жылы пандемия мен қозғалыстағы шектеулерге қарамастан, бұл көрсеткіш 54,3 пайызға жеткен. Сонымен бірге, 2019 жылға қарағанда Қазақстаннан кеткен дәрігерлер саны үш есе, мұғалімдер төрт есе, техникалық мамандар бес есе көп", – дейді ол.

Сондай-ақ, жастардың елден кетуі, оның бағалауы бойынша, өте қиын жағдайда.

Сарапшылардың пікіріне сілтеме жасай отырып, мәжілісмен адам капиталы деңгейінің және қазақстандықтардың өмір сүру сапасының үнемі төмендеуіне байланысты адамдар елден кетіп жатқанын жеткізді.

Милютиннің сөзінше, кейбіреулері елде қолжетімді білім болмағандықтан шетел асатын көрінеді.

"Он мыңдаған жас Қазақстаннан кетіп жатыр. Білім үшін шетел асуда. Әсіресе Ресейге кетіп сол жатқа қалып қоятын жағдай жиі кездеседі. Ресейде және басқа елдерде оқып, сонда қалуға ниеттілердің арасында этникалық қазақтардың көп бөлігі бар. Бұл ретте ипотекалық несиенің қолжетімді болуы, жас отбасыларға арналған балалар білім беру мекемелерінің, сондай-ақ Ресейде бар және бізде жоқ ана капиталы, отбасын қолдау бағдарламаларының болуы маңызды фактор болып отыр", – дейді мәжілісмен.

Осыған байланысты Александр Милютин үкіметтің отандық жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, Қазақстандағы жоғары білімнің қолжетімділігі, сапасы мен тиімділігі, сондай-ақ оқу бітіргеннен кейін түлектерді жұмысқа орналастыру және басқа елдерде оқитын жастарды елге оралуға ынталандыру үшін не істеп жатқандығын сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910100-qazaqstannan-qandai-mamandar-ketip-zatyr/