Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда үш жұмысшының неден уланғаны белгілі болды

Опубликовано:

Фото
Фото: Азаттық рухы

Алматыда жанармай бекетінің құдығына түсіп уланған үш жұмысшының жағдайы ауыр. Олар әлі жансақтау бөлімінде жатыр деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Тар құдықта ес-түссіз жатқан жұмысшыларды кеше Алматы қаласы төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері шығарып алған.

Сағадат Нұрмағамбетов көшесінде орналасқан "Газпром нефть" ЖШС үш жұмысшысы құдықтың люгіне есептегіш көрсеткіштерін алу үшін түсеміз деп уланып қалған.

Басылым мәліметінше, олар метан газынан уланған екен. 

"2021 жылдың 27 сәуірінде Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының жансақтау бөліміне жанармай құю бекетінде метан газынан уланған үш адам ес-түссіз жағдайда келіп түсті. Қазір олар жансақтау бөлімінде, естерін жинады. Дәрігерлер олардың жағдайын  ауыр күйде бағалап отыр", - деп хабарлады Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің жетекшісі Ләйлім Әубәкірова. 

Мамандар жанармай құю бекетіндегі су есептегіш құралды қарамақ болғандар қауіпсіздІк ережесін мүлдем сақтамағанын жеткізді.

Олардың сөзінше, кез келген жанармай құю бекетінде улы таксиндер болады. Талап бойынша, құдықтың қақпағын біраз уақыт ашық тастап, қауіпсіз екеніне көз жеткізген соң ғана барып ішіне түсу керек.

Фото
Фото: Азаттық рухы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910104-almatyda-us-zumyssynyn-neden-ulangany-belgili-boldy/

pixel