Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында әйел төрт айлық баласын өлтірді деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Нәресте
Көрнекі сурет: pixabay.com

Атырау облысы Құрманғазы ауданы Көптоғай ауылында 41 жастағы әйел өзінің төрт айлық баласын өлтірді деген күдікке ілінді. Бұл фактіге қатысты өңірлік полиция департаменті пікір білдірді деп хабарлайды "Ақ Жайық".

Басылымның дерегінше, анасы нәрестеге бірнеше мәрте ас үй пышағын сұғып алған. Алдын ала болжам бойынша, мұндай қылмысқа сәбидің қатты жылауы себеп болған көрінеді.

Атырау облысы полиция департаменті жантүршігерлік жайтқа қатысты пікір білдірді.

"Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 2-бөлігі, 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеу басталды", - дейді өңірлік полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Қазіргі уақытта күдікті ұсталған. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетсек, бұған дейін Павлодарда ата-анасы қан құйғызудан бас тартқан сәбидің көз жұмғанын жазған едік. Нәресте 2021 жылы 22 қаңтарда мерзімінен бұрын дүниеге келген. Оның салмағы 700 грамм болған.

Шақалаққа шұғыл қан құю қажет болған, алайда анасы діни себептерге байланысты қан құйғызудан бас тартқан. Павлодарлық дәрігерлер бірнеше сағат бойы оны көндіруге тырысқанымен, еш нәтиже шықпаған.

Сонымен бірге, Украинада мысық төрт айлық нәрестені өлтіріп қойған болатын. Белгілі болғандай бесік арбада жатқан баланың үстіне мысық жатып алып, кейін сәби тұншығып қалған.

Одан бөлек, Үндістанда да маймылдар жаңа туған нәрестені ұрлап кетіп, өлтіріп қойған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910125-atyrau-oblysynda-aiel-tort-ailyq-balasyn-oltirdi-degen-kudikke-ilindi/

pixel