Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Халыққа түсіндіру керек": Журналист вакцинаға қатысты бас дәрігермен сөзге келді

Опубликовано:

Айдос
Фото: Айдостың жеке мұрағатынан

Отандық журналист Айдос Игіліков тұрғындарды вакцинациялау ісінің қарқынына көңіл толмайтынын айтып, бас дәрігермен сөз таластырды. Журналистің айтуынша, вакцина толық зерттелмеген және екпе салдыратын адамның денсаулық жағдайына мән берілуі керек деп хабарлайды Түркістан арнасындағы "Халық үні" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бағдарлама барысында облыста 43 мыңнан аса адамға екпе салынғаны және ешкімде қандай да бір оқыс жағдай тіркелмегені айтылды.

Алайда, бас дәрігердің сөзіне қарсы шыққан журналист Айдос Игіліков вакцина құрамының толық зерттелмегенін тілге тиек етті.

"Екпе алдында міндетті түрде адам денсаулығын дұрыстап тексеру қажет. Өйткені, қаншама адамның жасырын сырқаты болуы мүмкін. Мысалы, тамақ жейтін болсам, мен сол тағамның құрамын оқып, еліміздегі тағамтанушылар мақұлдаған соң ауызға аламын.

Сол сияқты, екпені де халыққа дұрыстап таныстыруы қажет. Өйткені, денсаулықпен ойнауға болмайды. Бүгінге дейін екпе туралы пікір білдіріп, оның құрамына қатысты өз ойын айтқан ешкімді кездестірмедім. Әрине, індеттің бәрі осыған дейін вакцина арқылы бәсеңдеген. Бірақ қазір көпшілік вакцина салудан қорқады.

Өйткені, ол туралы ақпарат аз. Түсіндіру жұмыстары жүріп жатқан жоқ. Сондықтан, пандемиядан тезірек құтылу үшін түсіндіру жұмыстарын жақсылап қолға алу керек. Қарапайым халыққа жеткізе білу керек", - дейді журналист.

Өз кезегінде қалалық емхананың бас дәрігері Райымбек Тасырбаев екпе салар алдында адамның қан қысымы, сатурциясы толық тексерілетінін айтты.

Сондай-ақ, 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге, жүкті және емізулі әйелдерге, созылмалы аурулары бар адамдарға екпе салынбайтынын жеткізді.

Сөз соңында хабарға қатысушылар барлық індеттің тек вакцина арқылы жойылатынына тоқталып, халықты вакцинадан бас тартпауға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910170-xalyqqa-tusindiru-kerek-zurnalist-vakcinaga-qatysty-bas-darigermen-sozge-keldi/

pixel