Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО мен Алматы облыстарында есірткі саудасымен айналысқан қылмыстық топ құрықталды

Опубликовано:

Фото
Фото: polisia.kz

Еліміздің екі өңірінде-Шығыс Қазақстан мен Алматы облысында ұйымдасқан қылмыстық топты ұстау және ірі есірткі арнасын жою бойынша арнайы операция өткізілді деп хабарлайды polisia.kz.

Ауқымды оперция кезінде ШҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ШҚО бойынша ҰҚКД-мен бірлесіп жеті адамнан тұратын қылмыстық топты әшкерелген.

Олардың үшеуі еліміздің оңтүстік өңірінің аумағында тұрған.

ШҚО полициясының мәліметінше, күдіктілердің барлығы басқа қалалардан келген, олар қауіпсіздік шараларын мұқият сақтап, жалдамалы пәтерлерді үнемі ауыстырып отырған.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері Алматы облысында қылмыстық топтың барлық іс-әрекеттерін басқарып отырған есірткі желісінің жетекшісін де ұстаған.

Полицияның ақпаратынша, есірткі саудасымен айналысатын әр қатысушының өз рөлі болған. Белгілі бір топ есірткіні жеткізуге жауапты болса, енді бірі оны дозасы бойынша өлшеп, кейіннен қала бойынша арнайы орындарға қойып кетіп отырған.

Тінту барысында шамамен 10 келі сатуға дайын синтетикалық есірткі тәркіленген, бұл шамамен 100 мың реттік дозаға тең.

"Есірткі тасмалдаушыларға тауар көлік-логистикалық компаниялар арқылы жасырын қосалқы бөлшектер түрінде жөнелтілген. Есірткі жасырылған барлық автобөлшектерді қызметтік-іздестіру иттері таба алмайды деген үмітпен лак-бояу материалдарымен мұқият бояған", – дейді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Сондай-ақ, полиция есірткі желісінің жетекшілерін де анықтаған. Олар Алматы облысы Талғар ауданы Қызылқайрат ауылында тұратын тұтастай бір отбасы болып шыққан.

Күдіктілердің жалдамалы үйде синтетикалық есірткіні дайындап, өлшеп-орайтын зертхананы ұйымдастыруға қатыстылығы бары анықталған.

Тергеу барысында күдіктілер Telegram мессенджері арқылы есірткіні байланыссыз таратумен айналысқаны, ал әлеуетті клиенттерден төлемді электрондық төлем жүйелерінің көмегімен қабылдағаны да белгілі болған.

Жалпы екі өңірде өткізілген ауқымды арнайы операция нәтижесінде 21-49 жас аралығындағы жеті адам қамауға алынған. Тәркіленген заттардың "қара базардағы" құны шамамен 167 млн теңгеге бағаланып отыр.

Күдіктілердің іс-әрекеті Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша сараланды. Олар кінәсі дәлелденсе 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910174-sqo-men-almaty-oblystarynda-esirtkimen-ainalysqan-qylmystyq-top-quryqtaldy/

pixel