Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық QazVac вакцинасының құрамы қандай

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Еліміздің білім және ғылым министрлігі QazVac вакцинасының құрамын жариялады деп жазады Қазақпарат.

Ведомство мәліметінше, QazVac – инактивтендірілген, тазартылған және концентрацияланған вакцина. Оның құрамына алюминий гидрототығы – адъювант қосылған.

Отандық вакцинаны дайындау барысында жылдар бойы қолданылған технология пайдаланылған. Оның барлық компоненті сенімді, өйткені олар басқа вакциналарды әзірлеу кезінде апробациядан (сынақтан) өткен, дейді министрлік.

Инактивтендірілген вакцинаны әзірлеу платформасы белгілі және қауіпсіз болып табылады. Құрамындағы компоненттер азаматтар бұрын алған вакциналардың құрамында болған.

Вакцинаға қосылған бір ғана жаңа компонент – инактивтендірілген вирус.

БҒМ дерегінше, инактивтендірілген вакцина дәстүрлі және тиімді болып саналады, оны дайындау технологиясы күрделі емес және вакциналардың басқа түрлеріне қарағанда қауіпсіз.

Сондықтан қазақстандық ғалымдар инактивтендірілген вакцина жасау туралы шешім қабылдаған.

Естеріңізге сала кетейік, қазір елімізде коронавирусқа қарсы екі вакцина егілуде. Олар - ресейлік "Спутник V" және отандық "QazVac" вакцинасы.

Отандық "QazVac" вакцинасы 26 сәуірде қолданысқа шықты. Қазақстанда COVID-19 инфекциясына қарсы вакцина тегін және ерікті түрде салынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910186-qazaqstandyq-qazvac-vakcinasy-neden-zasalgan/

pixel