Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылық судья алаяқтық бойынша күдікке ілінді

Опубликовано:

сотт
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда Медеу ауданының судьясы мүдделі тұлғалардың көмегімен сот шешімдерін олардың пайдасына қарай шығарды деген күдікке ілінді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қалалық сотының ішкі қауіпсіздік бөлімі мен ҰҚК қалалық департаменті аталған судьяға қатысты тексеріс жұмыстарын жүргізді. Оның нәтижесінде департамент ҚР ҚК 190 бабы, 4-бөлімі, екінші тармағы бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жұмыстарын бастады.

Ведомствоның хабарлауынша, бас прокурор күдікке ілінген судьяға қатысты тергеу амалдарын жалғастыруға өз келісімін берген.

Күдіктінің үйінде жүргізілген тәнту жұмыстары кезінде одан үлкен көлемдегі ақша тәркіленді.

Қалалық соттың баспасөз қызметі қалған ақпарат тергеу жұмыстарына байланысты жарияланбайтынын ескертті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910188-almatylyq-sudya-alayaqtyq-boiynsa-kudikke-ilindi/

pixel